Александр Шевченко АТР 250 Almaty Open турнирінің ширек финалына шықты

22:17, 16 қазан 2024

© Сурет: ktf.kz

Әлемнің 61-ракеткасы Александр Шевченко Алматыда өтіп жатқан ATP 250 турнирінің екінші айналымында ресейлік Аслан Карацевті (139 ATP) 6:1, 6:7 (5:7), 7:5 есебімен жеңді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Теннисшілер осымен екінші рет кездесіп отыр, бұған дейін де Шевченко жеңіске жеткен.

Матч 2 сағат 21 минутқа созылды. Шевченко бірде-бір қос қателік жасамай, бес брейк-пойнттың үшеуін cәтті пайдаланды.

Қазақстандық теннисші енді ATP 250 Almaty Open турнирінің ширек финалында аргентиналық Франсиско Серундоломен ойнайды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!