Жамбыл облысында 13 жасар қызды 6 жыл бойы туыс екі ағасы зорлап келген

11:19, 17 қазан 2024

© Фото: pexels

Жамбыл облысында 13 жасар қызды кішкентай кезінен бері туыс екі ағасы зорлап келген. Қыз бұл туралы мектеп психологына хабарлауға тырысқан, алайда ол оны елемеген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева мәлімдеді.

Оның Instagram-дағы жазбасына сүйенсек, ол қазір өңірлік уәкілмен бірге аталмыш іс бойынша жұмыс атқарып жатыр.

"Қылмыстық іс қозғалды, қыз анасымен бірге қауіпсіз жерге көшірілді. Қажетті көмектің барлығы көрсетілуде. Облыс әкімінің орынбасарының төралығымен өткізілген көшпелі комессия отырысының нәтижесінде аудан әкімінің орынбасары мен мектеп директорына қатысты шаралар қабылданды. Қыз оқыған мектеп — ауылдағы жалғыз мектеп. Бала психолог жинаған сауалнамада сигнал берген, бірақ онымен қажетті жұмыс жүргізілмеді",- деп жазды ол.

Сондай-ақ, ол лауазымды тұлғалардың немқұрайлығы үшін прокуратураға жүгінген.

Осыған ұқсас оқиға Ақтөбе облысында да орын алған. Онда 14 жасар жасөспірім өзін туыстары бірнеше жылдан бері зорлап келгенін айтты.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!