Alatau City-де корей компаниялары қонақүй мен электр стансасын салуы мүмкін
© Сурет: ҚР Үкіметі
Қазақстан Alatau City-ді дамыту үшін Оңтүстік Кореяның жетекші компанияларымен бірқатар ірі жобаны талқылап жатыр. Олардың қатарында 2×250 МВт газ электр стансасын салу және L7 by Lotte қонақүйі бар көпфункционалды кешен құру жобалары бар, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев Корея Республикасына жұмыс сапары барысында Korea Electric Power Corporation (KEPCO), Lotte Hotels & Resorts, Doosan Enerbility және Global Green Growth Institute (GGGI) басшылығымен кездесті.
KEPCO-мен келіссөздерде Alatau City-дің энергетикалық инфрақұрылымын дамыту мәселесі талқыланды. Корей компаниясының электр энергиясын беру және тарату жүйелерін жобалауға, қосалқы стансалар салуға, сондай-ақ жаңа қаланы ұлттық энергия жүйесіне қосуға қатысу мүмкіндігі қарастырылды.
Doosan Enerbility және GGGI компанияларымен қаладағы меншікті генерация мәселесі сөз болды. Перспективалы жобалардың бірі ретінде қуаты 2×250 МВт газ электр стансасын салу ұсынылды. Кейін стансаны сутегі отынына көшіру мүмкіндігі де қарастырылған. Жобаны мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы іске асыру жоспарланып отыр.
Ал Lotte Hotels & Resorts компаниясымен Alatau City-де L7 by Lotte қонақүйі бар көпфункционалды кешен салу мүмкіндігі талқыланды. Құны 200 млн доллардан асатын жоба 180 нөмірлі қонақүйді, кеңсе кеңістіктері мен тұрғын апартаменттерді қамтиды.
"Alatau City – Қазақстанның басты ұлттық жобаларының бірі. Бүгінде қала үшін арнаулы инвестициялық және реттеушілік орта қалыптастырылып, заманауи инфрақұрылым құрылуда. Біз жетекші корей компанияларымен ұзақ мерзімді әріптестікке мүдделіміз және бірлескен жобаларды нақты пысықтауға дайынбыз", – деді Қанат Бозымбаев.
Кездесулер қорытындысында тараптар жобаларды қаржыландыру және іске асыру тетіктерін нақтылау бойынша жұмысты жалғастыруға келісті.
Қазіргі уақытта Alatau City-дің инвестициялық портфелінде жалпы құны 6,9 млрд доллар болатын 67 жоба бар. Оларды іске асыру нәтижесінде 55 мыңнан астам жұмыс орны ашылады деп күтіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:40, 14 қыркүйек 2026
Германияда ұшақ апатқа ұшырап, үш адам қаза тапты
-
19:05, 14 қыркүйек 2026
Қазақстанның бірқатар өңірінде жел күшейіп, өрт қаупі сақталады
-
18:40, 14 қыркүйек 2026
Құрылтайда Қоғамдық қабылдау ашылды
-
18:36, 14 қыркүйек 2026
Астанада Нұрмағамбетов көшесінің бір бөлігі жөндеу жұмысына байланысты жабылады
-
18:19, 14 қыркүйек 2026
Тоқаев Пан Ги Мунмен БҰҰ реформалау туралы пікір алмасты





