Астанада Нұрмағамбетов көшесінің бір бөлігі жөндеу жұмысына байланысты жабылады

18:36, 14 қыркүйек 2026
MKZ: 1566773

© Фото: Zakon.kz

Астанада С. Нұрмағамбетов көшесінің Ш. Қалдаяқов көшесінен Ж. Нәжімеденов көшесіне дейінгі бөлігінде орташа жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осыған байланысты 15-17 қыркүйек аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі. Қозғалыс жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады.

"Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлап, ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет", – делінген хабарламада.

Қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, қолайсыздықтарды барынша азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!