Дербес деректердің қауіпсіздігі бұзылса, кім және қашан хабарлауға тиіс

12:38, 14 қыркүйек 2026
MKZ: 1566697

© Фото: pixabay

Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 7 қыркүйектегі бұйрығымен дербес деректер субъектілеріне дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылғаны туралы хабарлау қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, мынадай ұғымдар нақтыланды:

  • дербес деректер – дербес деректердің бір немесе бірнеше сәйкестендіргішімен толықтырылған, дербес деректер субъектісі туралы мәліметтер немесе мәліметтер жиынтығы;
  • дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылуы – берілетін, сақталатын немесе өзге тәсілмен өңделетін дербес деректердің заңсыз таралуына, өзгертілуіне, жойылуына немесе өшірілуіне, сондай-ақ олардың рұқсатсыз таратылуына не оларға рұқсатсыз қол жеткізуге әкеп соққан дербес деректерді қорғау талаптарының бұзылуы.

Сондай-ақ меншік иесі немесе оператор дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылғанын анықтаған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде бұл туралы уәкілетті органға хабарлауға тиіс екені нақтыланды.

Хабарламада мынадай мәліметтер көрсетіледі:

  • дербес деректерді өңдеуді ұйымдастыруға жауапты тұлғаның байланыс деректері, егер мұндай тұлға болса;
  • заңбұзушылықты жою үшін қабылданған шаралар;
  • кейіннен дербес деректер субъектілеріне хабарлама жіберу үшін қажетті мәліметтер: тегі, аты, әкесінің аты және жеке сәйкестендіру нөмірі немесе ұялы байланыстың абоненттік нөмірі.

Бұйрық 2026 жылғы 22 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!