Құрылтайда Қоғамдық қабылдау ашылды

18:40, 14 қыркүйек 2026
MKZ: 1566772

© Сурет: t.me/quryltairesmi

Құрылтай спикері Айбек Дәдебайдың төрағалығымен өткен бюро отырысында І шақырылымдағы Құрылтайдың Қоғамдық қабылдауын ашу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құрылтай төрағасының орынбасары Динара Зәкиеваның айтуынша, Қоғамдық қабылдау азаматтармен тікелей қарым-қатынас орнатуға, олардың өтініштері мен ұсыныстарын зер салып қарауға арналған алаң болмақ.

Құрылтай Төрағасының тапсырмасы бойынша Қоғамдық қабылдауда депутаттардың азаматтарды қабылдауын ұйымдастыру және өткізу қағидалары әзірленді.

Депутаттардың қабылдау кестесі барлық фракциялар және комитеттермен келісіліп, Құрылтайдың ресми сайтында орналастырылды. Қоғамдық қабылдаудың жұмысын үйлестіруді Құрылтай депутаттары Константин Авершинге, Айжан Аймағановаға және Шолпан Кариноваға жүктеу ұсынылды.

Құрылтай депутатының қабылдауына Құрылтайдың ресми сайты арқылы электрондық өтініш жолдау, жазбаша немесе қолма-қол өтініш беру, сондай-ақ тікелей ауызша жүгіну арқылы жазылуға болады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!