Қосшыдағы сауда үйінде ер адам жанжал шығарды

11:14, 14 қыркүйек 2026
MKZ: 1566680

© Фото: Zakon.kz

12 қыркүйекте Ақмола облысы Қосшы қаласының полициясына сауда үйлерінің бірінде мас күйінде өзін әдепсіз ұстап, тәртіп бұзған ер адам туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері тәртіп бұзушыны ұстап, полиция бөліміне жеткізді. Оның Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының 34 жастағы тумасы Асылбек Аржаев екені анықталды.

Ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен оған 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды.

Полиция қоғамдық тәртіпті бұзу заңда көзделген жауапкершілікке әкелетінін еске салды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!