«ALTYN ORDA» турнирінде 18 елден келген 200-ден астам мерген бақ сынауда
© Сурет: Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Атырауда "ALTYN ORDA" деген атаумен садақ атудан халықаралық турнир өтіп жатыр. Биыл дәстүрлі жарысқа Қазақстаннан және 18 мемлекеттен 200-ден астам мерген қатысуда, деп хабарлайды Zakon.kz.
Олардың қатарында Венгрия, Өзбекстан, Иран, Үндістан, Корея Республикасы, Ұлыбритания, Франция, Марокко және басқа да мемлекеттерден сұр мергендер бар.
Турнирдің басты мақсаты — дәстүрлі садақ атуды насихаттау, ұлттық спорт түрін дамыту, шеберлікті шыңдау және халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу.
Жарыстың ресми ашылуында облыс әкімі Болат Ақшолақов сөз сөйлеп, қатысушыларға ілтипатын білдірді. Аймақ басшысы жарыстың Атырауда өтуінде ерекше мән-мағына барын атап айтты.
"Атырау — Алтын Орда дәуірімен тікелей байланысты, терең әрі бай тарихы бар қасиетті мекен. Осы жерде орналасқан көне Сарайшық қалашығы ұлттық тарихымызда ерекше орын алады, сондықтан дәстүрлі садақ ату бойынша Әлем кубогының Атырауда «ALTYN ORDA» атауымен өтуінің ерекше символдық мәні бар. Бұл жай ғана спорттық жарыс емес, бұл тарихымызға құрмет көрсету, ұлттық өнерімізді жаңғырту және садақ атуды әлемге Ұлы Даланың мұрасы ретінде таныстыру жолындағы маңызды қадам. Бүгінде өңірде дәстүрлі садақ атудың материалдық-техникалық базасын нығайту және спортшыларды даярлауға жағдай жасау бағытында кең ауқымда жұмыс жүріп жатыр. Біздің басты мақсатымыз — ұлттық спортты дамытуға қолайлы жағдай жасап қана қоймай, Атырауда әлемдік дәрежедегі жаңа чемпиондарды тәрбиелеп шығару. Мергендерімізге сәттілік, дәлдік пен жеңіс тілеймін!", —деді Болат Ақшолақов.
Өңірде дәстүрлі садақ атуды дамытуға айрықша назар аударылып отыр. Бүгінде облыста спорттың бұл түрімен 100-ден астам адам тұрақты айналысады. Олардың қатарында екі халықаралық дәрежедегі спорт шебері, сегіз ҚР спорт шебері және 25 спорт шеберіне үміткер бар.
Өңір басшысы іс-шара шеңберінде VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жоғары нәтиже көрсеткен Атырау облысының спортшыларына алғысхат табыстады. Олардың сапында көкпардан күміс жүлде еншілеген Абылай Ұлықпанов пен дәстүрлі садақ атудан қола жүлде иегері Әли Сесигюзель бар.
Жарыстың бірінші күні "Пута" нысанасы бойынша ерлер мен әйелдер арасында іріктеу кезеңдері өтті. Ерлер арасында үшінші орынды Забит Сатоев иеленсе, әйелдер арасындағы қола жүлде ресейлік Миляуша Халиловаға бұйырды. Ертең спортшылар "Қалқан" нысанасы бойынша жүлдені сарапқа салады.
Сұрмергендер сайысы 15 қыркүйекке дейін созылады. Спортшылар бірнеше күн бойы дәстүрлі садақ атудың түрлі нысанасы бойынша бақ сынайды. Олардың өнерін халықаралық төрешілер бағалайды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:32, 13 қыркүйек 2026
«Сарбаз жолы»: БҚО-да 20 жас абыройлы борышын өтеуге аттанды
-
17:24, 13 қыркүйек 2026
«Тұман түсіп, қатты жел тұрады». Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
-
17:00, 13 қыркүйек 2026
Астананың ортасында салынып жатқан ғимараттан шыққан өрт сөндірілді
-
16:46, 13 қыркүйек 2026
Астананың сол жағалауында өрт болып, қаланы түтін басты
-
16:24, 13 қыркүйек 2026
Қарағандыда 10 қабатты тұрғын үйден өрт шығып, 40 адам эвакуацияланды









