33 әкімшілік хаттама толтырылды: Қызылордада той кортежінде көңіл көтергендер жолда заң бұзды

10:48, 14 қыркүйек 2026
MKZ: 1566673

© Сурет: pexels

Қызылордалық полицияның назарына үйлену тойының көлік кортежі түсті. Жүргізушілер жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, қарсы бағыттағы жолаққа шыққан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 2026 жылғы 11 қыркүйекте болған. Құқық бұзушылар бейнебақылау камералары арқылы анықталған.

"Кортеж құрамындағы барлық автокөлік жүргізушілері тоқтатылып, полицияға жеткізілді. 12 құқық бұзушыға қатысты 33 әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды. 10 автокөлік арнайы тұраққа қойылды", – деп хабарлады Қызылорда облысы ПД.

Негізгі құқық бұзушылықтардың қатарында:

  • қарсы бағыттағы жолаққа шығу;
  • қауіпті маневр жасау;
  • апаттық жағдай туғызу;
  • көлік жүргізу кезінде телефон пайдалану;
  • қауіпсіздік белдігін тақпау.

Полиция басқа да жол қозғалысы ережелерінің бұзылғанын хабарлады. Ведомство қазақстандықтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Ал Ақмола облысында бейнебақылау камераларын бақылау барысында полицейлер 17 жастағы жасөспірім мен 18 жастағы жігітті байқаған. Олар мопедпен қауіпті трюктер жасап, жол қозғалысы ережелерін бұзған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!