160 млн теңге шығын, 221 млн теңгенің жері тәркіленді: The Finiko топ-менеджері Түркиядан қайтарылды
© Фото: pxhere
2022 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген Finiko құрылымдық бөлімшесінің басшысы Түркиядан Қазақстанға қайтарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Операцияны прокуратура органдарының үйлестіруімен Алматы қаласы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігі департаментінің қызметкерлері Интерполдың Ұлттық орталық бюросымен бірлесіп жүргізді.
Ведомствоның мәліметінше, тергеу барысында The Finiko компаниясының нақты кәсіпкерлік немесе инвестициялық қызметпен айналыспағаны анықталған.
Бұған дейін тартылған қатысушыларға төлемдер жаңа салымшылардан түскен қаражат есебінен жасалған.
Мұндай схема табыс түсіп жатқандай көрініс қалыптастырып, азаматтардың қаражатын одан әрі тартуға мүмкіндік берген.
"Күдіктінің заңсыз әрекеті салдарынан салымшылардың 160 млн теңгеден астам қаражаты қаржы пирамидасына тартылған", – делінген агенттіктің 2026 жылғы 14 қыркүйекте жарияланған хабарламасында.
Сонымен қатар сотқа дейінгі тәркілеу аясында күдіктіге тиесілі құны 221 млн теңге болатын жер телімі мемлекет кірісіне алынды.
Бұған дейін осы қылмыстық іс бойынша үш адам мүлкі тәркіленіп, алты жылға дейін бас бостандығынан айырылған.
Тергеу жалғасып жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
2026 жылғы 28 тамызда Павлодарда 70% табыс табуға уәде беріп, 500-ден астам адамды сан соқтырған "ХАС" қаржы пирамидасына қатысты үкім жарияланған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:40, 14 қыркүйек 2026
Интернатура бағдарламалары бойынша медициналық мамандықтар тізбесі бекітілді
-
10:34, 14 қыркүйек 2026
Атырауда Рыбакинаның бейнесі салынған ерекше көлік пайда болды
-
10:17, 14 қыркүйек 2026
Мобильді аударымдарды тексеру: салық органдары қазақстандықтардың алаңдаушылығына жауап берді
-
10:08, 14 қыркүйек 2026
Қазақстанда қандас мәртебесін немесе тұрақты тұруға рұқсат алу үшін нені білу керек
-
09:59, 14 қыркүйек 2026
СҚО-да есірткі таратқаны үшін ер адам үш жылға бас бостандығынан айырылды





