«Қазгидромет» бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады

09:06, 14 қыркүйек 2026
MKZ: 1566649

© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

Синоптиктер 2026 жылғы 14 қыркүйекте Қазақстанның төрт қаласында ауаның ластану деңгейі жоғарылайтынын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" мәліметінше, 14 қыркүйекте Алматы, Ақтөбе және Атырау қалаларында, сондай-ақ түнде Өскеменде қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – атмосфералық ауаның жер бетіне жақын қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың жиынтығы. Олардың қатарына желсіз ауа райы, әлсіз жел, тұман және инверсия жатады.

ҚМЖ кезінде қала тұрғындарына ашық ауада, әсіресе автокөлік жолдары мен басқа да ластаушы көздердің маңында болу уақытын қысқарту ұсынылады. Ал өкпенің созылмалы, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдар сыртқа шыққанда өздеріне қажетті дәрі-дәрмектерін алып жүруі керек.

Сонымен қатар 14 қыркүйекке Астана, Алматы қалаларында және Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!