Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы атанды
© Сурет: ktf.kz
Қазақстанның әйелдер арасындағы жекелей сындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) әлемдік рейтингінде ресми түрде көш бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Рейтинг жаңартылғаннан кейін қазақстандық теннисшінің еншісінде 9 901 ұпай бар.
Рыбакина екінші орыннан бірінші орынға көтеріліп, 7 875 ұпаймен екінші сатыда тұрған Арина Соболенкодан озды. Теннисшілер арасындағы айырмашылық 2 026 ұпайды құрайды. Үздік үштікті америкалық Джессика Пегула 7 265 ұпаймен түйіндеп тұр.
Бірінші орын үшін күресте шешуші турнир US Open-2026 болды. Қытайлық Чжэн Циньвэньді жеңіп, жартылай финалға шығуы Рыбакинаға турнирдің кейінгі нәтижелеріне қарамастан әлемдік рейтингтегі көшбасшылықты қамтамасыз етті. US Open басталған кезде бірінші орынға Арина Соболенко, Джессика Пегула және Коко Гауфф та таласқан болатын.
Кейін Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы мәртебесін иеленіп қана қоймай, турнирді чемпиондық атақпен аяқтады. Финалда ол Арина Соболенконы 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңді.
Бұл Еленаның US Open турниріндегі алғашқы және мансабындағы "Үлкен дулыға" жарыстарындағы үшінші титулы болды.
Осылайша, 27 жастағы Елена Рыбакина WTA тарихында әлемдік рейтингтің бірінші сатысына көтерілген 30-шы теннисші атанды. Сондай-ақ ол ерлер мен әйелдер арасында жекелей сында әлемдік рейтингті басқарған Қазақстанның тұңғыш өкілі болды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
00:15, 14 қыркүйек 2026
Тоқаев Корея Республикасына жетті
-
23:15, 13 қыркүйек 2026
Гимнаст Ақмарал Ерекешева Гран-при турнирінде бес медаль жеңіп алды
-
20:37, 13 қыркүйек 2026
«ALTYN ORDA» турнирінде 18 елден келген 200-ден астам мерген бақ сынауда
-
19:32, 13 қыркүйек 2026
«Сарбаз жолы»: БҚО-да 20 жас абыройлы борышын өтеуге аттанды
-
17:24, 13 қыркүйек 2026
«Тұман түсіп, қатты жел тұрады». Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды





