Тоқаев Пан Ги Мунмен БҰҰ реформалау туралы пікір алмасты
© Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сеулге мемлекеттік сапары аясында Біріккен Ұлттар Ұйымының 8-бас хатшысы, Жаһандық жасыл даму институтының (GGGI) төрағасы Пан Ги Мунмен жүздесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың хабарлауынша, Мемлекет басшысы дамушы елдердің "жасыл экономика" моделіне көшуіне қолдау білдіретін GGGI қызметінің маңызына тоқталды. Ол әлеуметтік тұрақтылықты, климат өзгерістеріне төзімділікті және экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған.
Пан Ги Мун Қазақстанның орнықты даму саласындағы табыстарын құптап, дүниежүзілік климат күн тәртібі аясында ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін мәлімдеді.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Пан Ги Мун Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау және оны қазіргі заман талабына бейімдеу туралы пікір алмасты.
Еске салайық, бұған дейін 2026 жылғы 14 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Сеулде Корея Республикасының бірқатар мемлекет және қоғам қайраткеріне II дәрежелі "Достық" орденін табыстағанын хабарлаған едік.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:40, 14 қыркүйек 2026
Құрылтайда Қоғамдық қабылдау ашылды
-
18:36, 14 қыркүйек 2026
Астанада Нұрмағамбетов көшесінің бір бөлігі жөндеу жұмысына байланысты жабылады
-
18:19, 14 қыркүйек 2026
Тоқаев БҰҰ бұрынғы бас хатшысы Пан Ги Мунды қабылдады
-
18:11, 14 қыркүйек 2026
Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған
-
18:02, 14 қыркүйек 2026
Қазақстан еркін күрестен Армениядағы турнирде сегіз медаль жеңіп алды





