16 жасқа толмаған балалардың тіркелуіне қатысты шектеу қай платформаларға қолданылмайды
© Фото: pexels
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев 2026 жылғы 18 қарашада Құрылтай отырысында 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерде тіркелуін шектеу туралы ұсынысқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Министрдің айтуынша, заң жобасында eGov.kz пен Kundelik.kz сайттарына және мессенджерлерге мұндай шектеу қою көзделмеген.
Депутат Дәулет Кәрібек Мәдениет және ақпарат министрлігінің 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерде тіркелуін шектеу туралы ұсынысты қолдайтынын не қолдамайтынын сұрады. Оның айтуынша, ұсынылған шектеу әлеуметтік желілермен қатар электрондық күнделіктер мен білім беру платформаларына да қатысты болуы мүмкін.
Осыған байланысты депутат тыйымның қандай платформаларға қолданылатынын нақтылап, білім беру ресурстарын олардың қатарынан шығаруды ұсынды. Сондай-ақ ол балалардың бұрыннан бар аккаунттарына қатысты шектеулерді қарастыру және пайдаланушының жасын растау кезінде сұралатын дербес деректердің көлемін азайту қажет екенін айтты.
"Бүгін заң жобасы бірінші оқылымда қаралып жатыр. Сондықтан алдағы уақытта ұсыныстарыңыздың барлығын қарастыра аламыз деп ойлаймын. Мәселен, заң жобасында eGov.kz пен Kundelik.kz сияқты сайттарға ешқандай шектеу көзделмеген. Мессенджерлер мәселесін де қозғап отырған жоқпыз. Әңгіме тек онлайн-платформалар, яғни әлеуметтік желілер туралы болып отыр. Бұл, әрине, әлемдік үрдіс. Кей елдерде мұндай шектеулерді сәтті енгізген мысалдар бар, ал кейбірінде ондай мысал жоқ. Ең бастысы – әр мемлекет өз идеологиясы мен саясатын ескеруі керек. Бұл саланы қалай реттейтінімізді және мұндай шектеулердің қажет-қажет еместігін өзіміз шешуіміз керек деп ойлаймын. Ұсынысыңызға рақмет", – деп жауап берді Арман Қырықбаев.
Бұған дейін Қазақстанда пайдаланушыларды қорғау және ел заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету үшін онлайн-платформалармен өзара іс-қимылдың жаңа тетіктерін енгізу ұсынылғаны хабарланған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:57, 18 қараша 2026
Павлодарда жолаушы автобус жүргізушісіне шабуыл жасаған
-
11:43, 18 қараша 2026
Жаңа ережелер, сөздіктер мен цифрлық платформа: қазақ тілінде қандай өзгерістер болады
-
11:34, 18 қараша 2026
Қостанай облысында мектеп оқушысына қатысты зорлық-зомбылық дерегі тексеріліп жатыр
-
11:22, 18 қараша 2026
18 қарашадағы валюта бағамы: Астана мен Алматының айырбастау пункттеріндегі бағалар
-
11:11, 18 қараша 2026
Пәтер мен көлікке «пайызсыз» қарыз уәде еткен: Астанада жарты миллиард теңгеге қатысты іс сотта қаралмақ





