Қостанай облысында мектеп оқушысына қатысты зорлық-зомбылық дерегі тексеріліп жатыр

11:34, 18 қараша 2026
MKZ: 1578342

© Фото: pexels

Қостанай облысында құқық қорғау органдары кәмелетке толмаған балаға қатысты зорлық-зомбылық дерегін тергеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының мәліметінше, 10 жастағы балаға қатысты зорлық-зомбылық жасалғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тараған. Болжам бойынша, сабақ уақытында алтыншы сыныпта оқитын екі оқушы балаға жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасаған болуы мүмкін. Жәбірленушінің анасы полицияға арызданған. Алайда Қостанай облыстық Полиция департаменті сараптама нәтижелері әлі дайын болмағандықтан, зорлық-зомбылық фактісін әзірге растамай отыр.

"Барлық мән-жай мұқият тексеріліп жатыр. Асығыс қорытынды жасамауды сұраймыз. Жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке дейінгі жаза қарастырылғанын еске саламыз", – деп мәлімдеді облыстық Полиция департаменті.

Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр. Ал өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкіл Несібелі Басенова жағдайды бақылауында ұстап отырғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бала мен оның отбасына қауіпсіздік пен қорғау қажет.

Еске салайық, бұған дейін Қостанай облысында ер адам ойын алаңында балаға шабуыл жасаған болатын. Кәмелетке толмаған баланы ұрғаны үшін оған 100 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!