Ұлыбритания азаматы «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің төрағасы болды

16:53, 6 ақпан 2020

Алматы. 6 ақпан. 7kun.kz — «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып Джон Дудас сайланды. Мұндай шешім директорлар кеңесі мүшелерінің жалпы дауыс беруімен қабылданды, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, осы уақытқа дейін қордың директорлар кеңесінің төрағасы ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин болды.

«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» ҚР Заңында 2018 жылдың мамыр айында қабылданған өзгерістерге сәйкес, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап премьер-министр қордың директорлар кеңесінің құрамынан шықты», — делінген хабарламада.

«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Заңның 8-бабының 2-тармағына сәйкес Қордың Директорлар кеңесінің төрағасы тәуелсіз директорлар арасынан көпшілік дауыспен жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Бұл жаңалықтар 2018 жылғы сәуірде Тұңғыш президент мақұлдаған қордың жаңа даму стратегиясына, сондай-ақ мемлекеттің қатысуы бар компанияларға арналған халықаралық стандарттарға сәйкес келеді, олар мемлекеттің меншік иесі ретіндегі функцияларын реттеуші функцияларынан нақты бөлуді көздейді.

Айта кетейік, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қордың директорлар кеңесі 7 мүшеден тұрады, олардың 4-уі тәуелсіз директорлар Онг Бун Хви, Қайрат Мәжібаев, Джон Дудас және Альпер Акдениз, сондай-ақ президенттің көмекшісі Қанат Бозымбаев, Ұлттық экономика министрі Руслан Даленов және басқарма төрағасы Ахметжан Есімов .

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!