Атырау облысында Жайық өзеніндегі су деңгейі күн сайын аз-аздан көтеріліп келеді

09:54, 1 мамыр 2024

© Сурет: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

1 мамырда сағат 08:00-дегі жағдай бойынша Жайық өзеніндегі су деңгейі өткен тәулікпен салыстырғанда 5-тен 25 сантиметрге дейін көтерілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабының мәліметінше, Жайық өзені бойынша өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен деңгей өзгерді:

  • Жайық өзені – Индербор ауылы су бекетіндегі су деңгейі 718 см., деңгейдің +25 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 495 см құрайды.
  • Жайық өзені - Махамбет ауылы 779 см деңгейінде, тәулігіне + 15 см деңгейдің көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 462 см құрайды.
  • Жайық өзені - Атырау қаласындағы гидропостындағы су деңгейі 451 см., тәулігіне деңгейдің көтерілуі + 5 см. Су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 260 см құрайды.


"Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде. 1 мамырда Иректі су қоймасынан ағызу 141 м3/с құрайды", делінген хабарламада.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!