«Қазақстанды монеталар арқылы зертте!» атты көрме өтуде

Бүгін Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде «Қазақстанды монеталар арқылы зертте!» атты экспозициялық көрме ашылды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Көрме ұлттық валюта – теңгенің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған. Сонымен қатар ҚҰБ-тың жаңа инвестициялық монеталарын, коллекциялық және инвестициялық монеталарды шығару саласында Қазақстанда қолданылып жатқан жаңа технологияларды таныстыру мақсатында өткізілуде.
Көрмеде теңге айналымға енген сәттен бастап шығарылған бірегей монеталар ұсынылған. Олар арқылы Қазақстанның мәдени, саяси, тарихи сәттерімен танысуға болады.
Көрменің ашылуы кезінде Kokbori инвестициялық монетасы да таныстырылды. Жаңа монетада «Көшпенділердің қасиетті жануарлары – тотемдері» атты монеталар сериясының дизайн стилі пайдаланылған.
Көрме бүгін, ертең музейдің конференс-залында өтеді.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:52, 8 шілде 2025
8 шілдедегі сауда барысында доллар бағамы аздап көтерілді
-
11:17, 8 шілде 2025
Астана және Алматы айырбастау пункттеріндегі 8 шілдедегі валюта бағамы
-
12:27, 7 шілде 2025
Астана және Алматы айырбастау пункттеріндегі 7 шілдедегі валюта бағамы
-
18:35, 4 шілде 2025
Демалыс күндеріне арналған валюта бағамдары: 5, 6 және 7 шілде
-
16:23, 4 шілде 2025
Қазақстанда 4 шілдеде валюта бағамы қалай өзгерді