Б

10:43, 22 мамыр 2019

МАЗМҰНЫНА КЕРІ

“бабки” — “тиын-тебен” (ақша деген мағынаны білдіретін жаргон сөз)

багажная касса — жолжүк кассасы

багамский доллар — Багам доллары

бадж — бадж (биржада: биржаға мүшелік дəрежесін куəландыратын айырым белгісі)

база — база, негіз, қойма, қор (1. салыстыру үшін негіз ретінде пайдаланылатын нақты экономикалық деректер; 2. өнімді қабылдайтын, сақтайтын, қоймада өңдейтін жəне көтере сатып алушыларға босататын кəсіпорын; 3. қаржы саласында — орындалу мерзімі басталған, құны белгілі акциялар бойынша табыс; салық салуда — активтердің бастапқы бағасы; бағалы қағаздар аясында — қаржы нарықтарында операциялар жасалатын сақтандырылған бағалы қағаздардың нақты бағасы мен фьючерстік келісімшарт бағасы арасындағы айырма)

база данных — деректер қоры (талдау жəне есептеу кезінде пайдаланылатын деректердің, көрсеткіштердің сандық мəндерінің жиынтығы)

база денежная — ақша қоры

база депозитная — депозиттік қор

база информационная — ақпарат қоры

база исчисления дохода — табысты есептеу базасы

база капитальная — күрделі қаржы базасы (банктің меншікті қаражаты акциялары, түрлі сақтық қорлары, бөлінбеген пайдасы)

база карточная — карточкалық қор (қаржы мекемесі шығарған өтелмеген пластикалық карточкалардың жалпы саны)

база клиентская — клиенттер қоры

база контракта — келісімшарт негізі (биржалық келісімшарт бойынша биржада белгіленген бағаға тең бағамен жеткізуге рұқсат етілген тауардың бір не бірнеше сұрыбы)

база кредитования — несиелендіру базасы

база ликвидности — өтімділік қоры

база материально-финансовая — материал-қаржы қоры

база монетарная — ақша базасы, ақша қоры, монетарлық негіз (банктердегі, жеке адамдардың қолындағы ақша мен Орталық банктегі депозит сомасынан құралатын ақша көлемі нышандарының жиынтығы)

база оперативная — оперативтік база

база правовая — құқықтық негіз

база прогнозирования — болжамдау негізі

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!