АДБ Қазақстанның ЖІӨ өсімі бойынша болжамын жақсартты

12:26, 18 шілде 2019

Алматы. 18 шілде. 7kun.kz – 2019 жылдың қорытындысы бойынша Орталық Азиядағы ЖІӨ өсімі 4,3%-ды құрауы мүмкін. Мұндай болжам Азия даму банкінде (АДБ) айтылды.

Банктің хабарлауынша, бұл болжам Қазақстанның ЖІӨ бойынша болжамның жақсаруына байланысты артты.

«2019 жылға Қазақстан бойынша өсу болжамы 3,6%-ға дейін өсті. 2020 жылға Орталық Азияның 4,2% өсу болжамы сәуірден бастап өзгерген жоқ. 2020 жылға Қазақстан бойынша өсу болжамы өзгеріссіз қалды, 3,3% деңгейінде. Қазақстан бойынша инфляция болжамы 2019 жылға 6,0%-дан 5,5%-ға дейін және 2020 жылға 5,5%-дан 5,0%-ға дейін төмендеді», — деп атап өтті АДБ.

Естеріңізге сала кетейік, Дүниежүзілік банктің болжамы бойынша 2019 жылs ЖІӨ өсімі 3,5%-ды құрайды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!