BMW табысының 86 пайызға құлдырағанын мәлімдеді
© Сурет: BMW
Концерн 2024 жылдың ІІІ-тоқсанында салық салымын есептемегенде табысының 85,8%-ға төмендеп кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Автомобиль концернінің қаржылық проблемалары жайлы өз қызметінің үшінші тоқсандағы есебінен белгілі болды. Ол BMW-ның ресми сайтында жарияланды.
Оған сәйкес, автомобиль жеткізілімдері жылдан жылға 13%-ға қысқарып, автомобиль бөлімшесінің тоқсандық табысы салық салымдарын есептемегенде бірден 85,8%-ға төмендеген.
Концерн басшылығы бұл проблемалардың туындау себебін былайша түсіндіреді:
- Қытайдағы сұраныстың төмендеуі;
- көлікті жаппай қайтару науқанына байланысты шығындар.
Осыған ұқсас мәселелерге байланысты Nissan-да жұмысшылар жаппай жұмыстан шығарылып, басшылық қызметтегілердің жалақысы қысқартылған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:41, 31 тамыз 2026
Toyota бензинмен жүретін Land Cruiser 300 шығаруды тоқтатады
-
09:38, 17 тамыз 2026
Ferrari-дің алғашқы электромобилі 40 миллион долларға сатылды
-
11:17, 30 шілде 2026
Audi өзінің ең үлкен кроссоверін таныстырды
-
11:28, 21 мамыр 2026
Mercedes-Benz ең қуатты электромобилін таныстырды
-
10:56, 19 мамыр 2026
BMW компаниясы соңғы үлгідегі моделін ұсынды





