Қазақстанда телеарналар мен радио хабар тарату уақытша тоқтайды

09:44, 3 қараша 2026
MKZ: 1575642

© Фото: Zakon.kz

Алдағы сәрсенбі, 2026 жылғы 4 қарашада жоспарлы профилактикалық жұмыстарға байланысты Қазақстанның барлық аумағында телеарналар мен радио хабар тарату уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ағымдағы жылдың төртінші тоқсанына жоспарланған профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін "Қазтелерадио" АҚ ескертті.

"Осыған байланысты Астана уақыты бойынша сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін бүкіл ел бойынша спутниктік, цифрлық эфирлік, аналогтық телевизия және радио хабар тарату желілеріндегі телеарналар мен радиостанциялардың жұмысы уақытша тоқтатылады", – делінген акционерлік қоғамның 2 қарашада Instagram парақшасында жарияланған хабарламасында.

"Қазтелерадио" өкілдерінің түсіндіруінше, бұл жұмыстар болашақта хабар таратудың тұрақтылығы мен сапасын қамтамасыз ету үшін қажет.

"Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!" – деп хабарлады компания.

Бұған дейін Алматы қаласы мен Алматы облысында 2026 жылғы 21 және 22 қазанда сағат 07:00-ден 17:00-ге дейін телеарналар мен радио хабар тарату уақытша тоқтатылған болатын. Бұған "Көктөбе" радиотелевизиялық станциясында (РТС) жоспардан тыс жұмыстар жүргізілуі себеп болған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!