Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару мен жүздеген оқ-дәрі: ІІМ рейд қорытындысын жариялады

12:19, 3 қараша 2026
MKZ: 1575686

© Сурет: ІІМ

2026 жылдың басынан бері Қазақстан бойынша заңсыз айналымнан 2 мыңнан астам қару тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің (ІІМ) баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство мәліметінше, оның ішінде 184-і – криминалдық қару, ал 160-ы – Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару.

Мәселен, 20-23 қазан аралығында өткен "Құқықтық тәртіп" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында төрт күн ішінде 170-тен астам атыс қаруы мен әртүрлі калибрлі 800-ден астам оқ-дәрі тәркіленген.

"Алматы, Шымкент қалаларында және Жетісу облысында Қаңтар оқиғасы кезінде қару-жарақ дүкендерінен ұрланған төрт қару табылып, тәркіленді", – деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Сондай-ақ ІІМ өкілдері қазақстандықтарға заңсыз сақталған қаруды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық жауапкершіліктен босатылатынын еске салды.

2026 жылғы 30 қазанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) прокуратура органдарының үйлестіруімен Атырау қаласында сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында 10 адамды бір мезетте ұстады. Күдіктілердің тұрғылықты жерлерін тінту кезінде атыс қаруы, есірткі заттары, діни атрибутика, әдебиеттер және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!