Toyota бензинмен жүретін Land Cruiser 300 шығаруды тоқтатады

10:41, 31 тамыз 2026
MKZ: 1564301

© Сурет: Facebook/ToyotaMotorCorporation

Toyota экологиялық талаптарға сәйкес келмегендіктен жаңа Land Cruiser моделінің бензин қозғалтқышынан бас тартады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осылайша аты аңызға айналған "Крузак" гибридті қозғалтқышқа көшеді. Жапонияның Creative Trend басылымының мәліметінше, автокөлік бренді электрлендірілмеген V6 бензинді қозғалтқыштан бас тартуды жоспарлап отыр. Себебі ол қазіргі экологиялық талаптарға сәйкес келмейді.

Toyota бензинді Land Cruiser 300 шығаруды тоқтатады, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.08.2026 10:41

Сурет: creative311

Жаңа гибридтің жалпы қуаты 457 ат күшін құрайды. Бұл Land Cruiser 300 моделін брендтің бүкіл топтамасындағы ең қуатты көлік етеді.

Жаңартылған Land Cruiser 300 Шығыс Еуропа, Австралия және Таяу Шығыс нарықтарында сатылымға шықты. Ал Жапонияның ішкі нарығында көлік 16 қыркүйекте сатылымға шығарылады деп күтілуде.

Айта кетейік, тамыз айының ортасында Louis Vuitton сән үйі екі бірегей Porsche 911 көлігін таныстырған болатын.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!