Қазақстанда адам саудасына қарсы күрестің үш жылдық жоспары бекітілді

10:34, 3 қараша 2026
MKZ: 1575639

© Сурет: pexels

Үкіметтің 2026 жылғы 28 қазандағы қаулысымен Қазақстанда адам саудасына байланысты қылмыстардың алдын алу, оларға жол бермеу және қарсы күрес жөніндегі 2027-2029 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жоспар бес бағытты қамтитын 32 іс-шарадан тұрады. Олардың қатарында:

  • қолданыстағы жоспарды талдау негізінде Қазақстан үкіметінің 2030-2032 жылдарға арналған адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі жоспарын қабылдау;
  • іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы жыл сайынғы жиынтық ақпаратты жариялау;
  • Қазақстандағы адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы ахуал мен қабылданып жатқан шаралар туралы тиісті ұсынымдары бар баяндама дайындау және тарату;
  • адам саудасының құрбандарын қажетті көмек көрсету және арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну үшін тиісті ұйымдарға бағыттау;
  • 2027-2029 жылдар кезеңінде адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы тәуекелдерді бағалау;
  • дағдарыс орталықтарының жұмысын қамтамасыз ету және олардың қызметі туралы халықтың хабардарлығын арттыру арқылы адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;
  • жеке жұмыспен қамту агенттіктері мен жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша делдалдардың қызметін бақылау;
  • Қазақстан аумағындағы шетелдік жұмысшылар мен еңбек мигранттарының құқықтарын қорғау, соның ішінде олардың заңгерлік және әлеуметтік көмек алуына жағдай жасау;
  • еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелге шығатын Қазақстан азаматтарын еңбек қанауы мен адам саудасының алдын алу мақсатында есепке алу және бақылау;
  • еңбек ету үшін шетелге шығатын Қазақстан азаматтарын консулдық есепке алу тетіктерін жетілдіру;
  • құзыретті органдардың, омбудсмендердің, ғылыми қауымдастықтың, халықаралық, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдардың қатысуымен адам саудасы мәселесіне арналған халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференциялар, форумдар, семинарлар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастыру;
  • бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен халықтың және тәуекел тобына жататын азаматтардың адам саудасы мәселесі туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізу;
  • телеарналар мен радиостанцияларда адам саудасына қарсы күрес жөніндегі әлеуметтік жарнамаларды орналастыру;
  • сенім телефондары, жедел желілер және 102 нөмірі көрсетілген ақпараттық материалдарды (тақтайшалар, брошюралар, билбордтар, әлеуметтік бейнероликтер мен буклеттер) тарату;
  • өңірлерде мобильді топтар арқылы адам саудасы мен еңбек қанауының алдын алу шараларын жүргізу;
  • ішкі істер органдары қызметкерлерінің (жедел уәкілдер, тергеушілер, инспекторлар) және басқа да мамандардың адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша біліктілігін арттыру;
  • адам саудасына қарсы күрес жөніндегі жаңартылған бейнемодуль әзірлеу.

Қаулы 2026 жылғы 28 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!