Ferrari-дің алғашқы электромобилі 40 миллион долларға сатылды

09:38, 17 тамыз 2026
MKZ: 1561649

© Сурет: rmsothebys

Ferrari-дің алғашқы электромобилі Luce Монтерейде өткен RM Sotheby’s аукционында 40 миллион долларға сатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы аукцион үйінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шасси нөмірі 0 болатын бұл көлік модельдің ең алғашқы шығарылған данасы. Ferrari сатылымнан түскен барлық қаражатты The Ferrari Foundation арқылы білім беру бастамаларына бағыттайды.

Сондай-ақ бұл автомобиль аукционда сатылған ең қымбат жаңа көлік атанды. Сатып алушының аты-жөні жарияланған жоқ, сондай-ақ осы лот бойынша сатып алушыға арналған комиссия алынып тасталды.

Мәміле аяқталғаннан кейін электромобиль Италияға қайтарылады. Көлікті жаңа иесіне түпкілікті тапсыру 2027 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған.

Жақында Louis Vuitton эксклюзивті екі Porsche 911моделін таныстырған болатын.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!