Алматы тұрғындары біле бермейтін түнгі автобус бағыты

13:38, 3 қараша 2026
MKZ: 1575701

© Сурет: Zakon.kz.

Алматыда 2013 жылдан бері, яғни 13 жылдан астам уақыт бойы №3 түнгі автобус бағыты жұмыс істейді. Ол қаланы әуежаймен байланыстырады. Бұл туралы Zakon.kz хабарлайды.

"Алматыэлектротранс" ЖШС 2026 жылғы 3 қарашада аталған бағыттың "Орбита" шағынауданынан Алматы халықаралық әуежайына дейін қатынайтынын мәлімдеді. Автобус қозғалысы қаладағы қоғамдық көліктердің басым бөлігі жұмысын аяқтаған уақытта басталады.

"Бұл автобус әсіресе түнгі уақытта әуежайдан қалаға жетуі керек жолаушыларға, сондай-ақ күтіп алушылар мен шығарып салушыларға ыңғайлы. Бұдан бөлек, түн ортасынан кейін жұмыстан шығатын қала тұрғындарына да қолайлы", – деп атап өтті компания өкілдері.

Бағыт туралы маңызды ақпарат:

  • Қозғалыстың басталу уақыты: 23:00.
  • Қозғалыстың аяқталу уақыты: 06:40.
  • Бағыттың ұзындығы: бір бағытта шамамен 27,5 шақырым.
  • Жол жүру уақыты: бір бағытта шамамен 55 минут.
  • Қозғалыс аралығы: бекітілген кестеге сәйкес.

Автобустың қозғалысын "Оңай" қосымшасындағы трекер арқылы бақылауға болады.

Айта кетейік, Алматыда қызыл түсті автобустар қатынайтын бағыттар да пайда болды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!