«Жаңбыр жауып, үсік жүреді». Жұмада еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
© Фото: zakon.kz
Қазақстанның 15 облысында 25 қыркүйекте дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Жетісу облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 25 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Түнде және күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Көкшетауда 25 қыркүйекте күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қалада төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Атырау облысының батысында аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің облыстың батысындағы екпіні 15-18 м/с құрайды. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда 25 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде 25 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде 25 қыркүйекте түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.
Ұлытау облысының солтүстігінде аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 25 қыркүйекте таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Таңертең және күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 25 қыркүйекте күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанады. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ беті қатып, сынап бағаны 1 градус суықты көрсетеді, үсік жүреді деп күтіледі.
Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. , Түнде және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда 25 қыркүйекте түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанады. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-батысында аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-батысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда 25 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда 25 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда 25 қыркүйекте төтенше өрт қаупі күтіледі. Қонаевта 25 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Павлодар облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.
Бұған дейін синоптиктер еліміздегі үш ірі қала бойынша алдағы үш күнге (25-27 қыркүйек) арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:26, 24 қыркүйек 2026
Каспийдегі әскери оқу-жаттығулар кезінде қаза тапқан сарбаздардың тізімі жарияланды
-
21:07, 24 қыркүйек 2026
Ақтауда «Қазақтелеком» қызметкері тоқ соғып, мерт болды
-
20:13, 24 қыркүйек 2026
Мәдениет және ақпарат министрлігі жалпыұлттық аза тұту күніне орай БАҚ-тар мен меморгандарға ескерту жасады
-
19:58, 24 қыркүйек 2026
Дәрігерлер Маңғыстауда оқу-жаттығу кезінде аман қалған әскери қызметшінің жағдайына қатысты мәлімет ұсынды
-
19:42, 24 қыркүйек 2026
Азияда-2026: Қазақстан қоржыны тағы бір күміс медальмен толықты





