Ақтауда «Қазақтелеком» қызметкері тоқ соғып, мерт болды
© Сурет: akorda.kz
"Қазақтелеком" АҚ бөлімшелерінің бірінің қызметкерін Ақтауда электр тогы соғып, қаза тапты. Қайғылы оқиға 21 қыркүйекте 28-ші ықшам аудандағы тұрғын үйдің жертөлесінде болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Lada.kz баслымының мәліметінше, 33 жастағы ер адамды электр кабельдер орналасқан қорап үстіне пластикалық құбырды бекітіп жатқанда тоқ соққан. Жүргізілген реанимациялық шараларға қарамастан ер адам жан тапсырды.
Аталған факті бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті арнайы тергеу жүргізу үшін комиссия құрды.
Мамандар куәгерлерден сұрақ-жауап алып, оқиға орнын тексерді. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталатын болады.
Маңғыстау облысы ПД ҚР ҚК-ның 156-бабы, яғни "Еңбекті қорғау ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынғанын мәлімдеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:26, 24 қыркүйек 2026
Каспийдегі әскери оқу-жаттығулар кезінде қаза тапқан сарбаздардың тізімі жарияланды
-
20:48, 24 қыркүйек 2026
«Жаңбыр жауып, үсік жүреді». Жұмада еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
20:13, 24 қыркүйек 2026
Мәдениет және ақпарат министрлігі жалпыұлттық аза тұту күніне орай БАҚ-тар мен меморгандарға ескерту жасады
-
19:58, 24 қыркүйек 2026
Дәрігерлер Маңғыстауда оқу-жаттығу кезінде аман қалған әскери қызметшінің жағдайына қатысты мәлімет ұсынды
-
19:42, 24 қыркүйек 2026
Азияда-2026: Қазақстан қоржыны тағы бір күміс медальмен толықты





