Еуропалық әуе компаниясының басшысы билет бағасы өсетінін болжады
© Фото: Zakon.kz/Ксения Калашникова
Ryanair әуе компаниясының басшысы Майкл О’Лири мұнай бағасының күрт қымбаттауы мен Ирандағы соғыс салдарынан келесі жылы әуе билеттерінің бағасы өсетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ITV.news жазуынша, О’Лири 2027 жылдың жазына қарай Ryanair және басқа да әуе компаниялары жолаушылары үшін билет бағасы қымбаттайды деп болжайды. Оның айтуынша, әскери қақтығыстар мұнай бағасына әсер етіп отыр. Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) дерегіне сәйкес, өткен аптада авиаотынның әлемдік орташа бағасы алдыңғы аптамен салыстырғанда 7,4%-ға өсіп, барреліне 194,90 доллар болды.
"Биыл бізде мұнай бағасы барреліне шамамен 80 доллар деңгейінде бекітілген деуге болады. Егер келесі жылға барреліне 100 доллар бағамен хеджирлеу келісімшартын жасасақ, жанармайға жұмсалатын шығынымыз 25%-ға өседі", – деді әуе компаниясының басшысы.
Ryanair – 1984 жылы құрылған ирландиялық лоукостер. Ол Еуропадағы ең ірі бюджеттік әуе компаниясы саналады. 2026 жылғы қыркүйектегі жағдай бойынша компания 232 бағытта рейс орындайды. Оның бесеуі – Ирландия ішіндегі, ал 227-сі Еуропа, Солтүстік Африка және Таяу Шығыс елдеріне қатынайтын халықаралық бағыттар.
Бұған дейін Ryanair мұнай бағасы жоғары деңгейде сақталса, осы қыста кейбір бәсекелес компанияларға рейстер санын сақтау, тіпті қызметін жалғастыру қиынға соғуы мүмкін екенін ескерткен.
2026 жылғы 21–25 қыркүйек аралығында Қазақстанда АҚШ Федералдық авиация басқармасы (FAA) IASA бағдарламасы аясында ұшу қауіпсіздігіне халықаралық бағалау жүргізіп жатыр. Бұл – Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын ашуға бағытталған жұмыстың бір кезеңі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:34, 23 қыркүйек 2026
АҚШ-та әлемдегі ең ұзын құйрықты жылқы анықталды
-
13:51, 23 қыркүйек 2026
Синди Кроуфордтың артық дозадан қайтыс болған ұлына дәрігер есірткі жеткізіп отырған
-
13:33, 23 қыркүйек 2026
Австриядан 2200 жылдық «темір қазына» табылды
-
13:22, 23 қыркүйек 2026
Бал айына ұшып бара жатқан жас жұбайларды ұшақ ішінде тонап кетті
-
17:02, 22 қыркүйек 2026
Google танымал функциялары үшін 207,5 млрд теңге айыппұл төледі





