Маңғыстауда ысталған балықтан уланған баланың жағдайына қатысты тың дерек жарияланды

22:34, 23 қыркүйек 2026
MKZ: 1568512

© Сурет: Zakon.kz

Маңғыстау облыстық ауруханаға инфекциялық-токсикалық шокпен жеткізілген бала қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Жасанды тыныс алу аппаратына қосылған пациентке ботулизмге қарсы сарысу салынып, тиісті ем жүргізілуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мамандар баланың денсаулығына қатысты күн сайын консилиум өтіп, республикадағы өзге мамандармен телеконференция ұйымдастырылып жатқанын хабарлады. Өңірдің әкімі жасөспірім ата-анасының өтінішімен елордадан қосымша мамандарды Ақтауға алдыру мәселесі қаралып жатқанын айтты, деп хабарлайды КТК.

"Бала бізге ботулизмнің ауыр дәрежесімен, инфекциялық-токсикалық шок жағдайында келіп түсті. Есінен айырылған, рефлекстері жоқ жағдайда болды. Шұғыл түрде жансақтау бөліміне жатқызылып, жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. Қазір бала барлық қажетті ем-шараларды алып жатыр".Маңғыстау облысы көпбейінді балалар ауруханасы директорының орынбасары

Еске сала кетсек, осы апта бүтін бір отбасының төрт адамы ысталған балықтан уланып ауруханаға түскен. Оның үшеуі — ересек, біреу — бала.

"Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр, Астанамен онлайн косультацияда отыр. Ата-анасы "Астанадан дәрігерлер қарасын" деген мәселені көтерді. Қазір Ақтауға жақын арада рейспен инфекционист пен реаниматолог шықпақшы. Қай рейс екенін дәл қазір айта алмаймын. Дәрігерлер келе жатыр".Нұрдаулет Қилыбай, Маңғыстау облысының әкімі

Бұған дейін әтір иісінен уланған 44 мектеп оқушысы ауруханаға түскенін жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!