Тоқаев: Қазақстан Халық Кеңесі – баламасы жоқ, мүлде жаңа, инновациялық институт

12:55, 24 қыркүйек 2026
MKZ: 1568640

© Сурет: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында кеңес мүшелеріне халықпен тікелей байланыста болып, жұртты алаңдатқан мәселелерді батыл көтеру қажет екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының сөзінше, кеңес мүшелері күрделі мәселелерден тайсалмай, оларды терең зерттеп, қоғамдық талқылауларға белсенді қатысуы керек. "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұғырнамасы ашық диалог арқылы жүзеге асады. Президент мұны қоғамдық сенім мен ұлттық бірегейлікті нығайтудың жолы деп атады.


"Халқымыз "Сын түзелмей, мін түзелмейді" деп бекер айтпаған. Бірақ басты талап: кез келген сын шынайы болуға тиіс. Мәселені көтере отырып, оның шешімін де қатар ұсыну қажет", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент кеңестің әр мүшесі әдеп нормаларын қатаң сақтап, жоғары саяси мәдениет үлгісін көрсетуге тиіс екенін атап өтті.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!