Каспийдегі қайғылы оқиға орнынан бейнежазбалар жарияланды
© Сурет: Instagram/azamat_sarsenbayev
Әлеуметтік желілерде 2026 жылғы 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында әскери қызметшілерді теңізге ағызып әкеткен оқиға орнынан түсірілген бейнежазбалар тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алғашқылардың бірі болып кадрларды ақтаулық қоғам белсендісі әрі блогер Азамат Сәрсенбаев жариялады.
Каспий жағалауынан түсірілген бейнежазбаларды жергілікті lada.kz басылымы да бөлісті.
Бұған дейін Маңғыстау облысында Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде, Каспий жағалауында оқу-жауынгерлік тапсырманы орындап жатқан 19 әскери қызметшіні ауа райының күрт нашарлап, желдің күшеюіне байланысты теңізге ағызып әкеткені хабарланған еді.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, тоғыз әскери қызметші қаза тапқан, үшеуі құтқарылған. Құтқарылғандардың бірі ауруханаға жатқызылды. Қалғандарын іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Оқиға орнына қорғаныс министрі Дәурен Қосанов бастаған министрлік комиссиясы шұғыл аттанды.
Бас прокуратура Ақтау гарнизонындағы оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза табуына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын және жедел-тергеу тобы құрылғанын мәлімдеді. Кейін қайғылы оқиғаның себептерін анықтау үшін Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқаратын Үкіметтік комиссия құрылды.
22 қыркүйекте Қорғаныс министрлігі Каспий теңізінің қазақстандық секторында "Хазар қорғаны – 2026" оқу-жаттығуы басталғанын хабарлаған. Ол стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығудың бірыңғай жоспары аясында өткізіледі. Оған Әскери-теңіз күштері мен қосымша тартылған бөлімшелердің 500-ден астам әскери қызметшісі, жауынгерлік кемелер экипаждары, жағалаудағы бөлімшелер, сондай-ақ ҰҚК Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша Жағалау күзеті мен Қарулы күштердің Әуе қорғанысы күштері қатысады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:17, 24 қыркүйек 2026
Астанада тұмау мен ЖРВИ жұқтырушылар саны артып барады
-
17:09, 24 қыркүйек 2026
Бүкіл еліміз бойынша ІІМ заңсыз граффити салуға қарсы жұмысты күшейтті
-
16:57, 24 қыркүйек 2026
БАҚ пен әлеуметтік желілердегі балағат сөз үшін жаза: Мәдениет министрлігі жаңа норманы түсіндірді
-
16:54, 24 қыркүйек 2026
Астанада үсік жүреді, Шымкентте найзағай ойнап, жаңбыр жауады: 25–27 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
-
16:50, 24 қыркүйек 2026
16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіде тіркелуге неге тыйым салынуы мүмкін





