Айтыскер ақын Мақсат Ақанов жарты жылға дейін өнер сахнасынан шеттетілді

22:24, 23 қыркүйек 2026
MKZ: 1568510

© Сурет: Zakon.kz

Маңғыстау облысындағы айтыстан кейін ақын Мақсат Ақанов жарты жылға дейін өнер сахнасынан шеттетілді. Оған себеп – айтыскердің сахнаға мас күйде шығып, қарсыласына айтқан әдепсіз сөздері, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желіде ақынның сахнада айтқанынан үзінді тарап, көпшілік сынына ұшыраған. Айтыс Маңғыстау облысындағы Шайыр ауылының 100 жылдығына ұйымдастырылған. Ақынды айтыс әдебі мен сахна мәдениетін сақтамады деп ашық сынағандар оның бұл әрекетін "көрерменді сыйламау" деп есептеген. Айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағының төрағасы Аманжол Әлтай бұл шара Одақтың ресми жоспарына кірмейтінін, оны жеке кәсіпкерлер мен демеушілер ұйымдастырғанын айтты, деп хабарлайды КТК.

Сондай-ақ бұл келеңсіздік үшін Мақсат Ақанов алдағы алты ай бойы Одақ ұйымдастыратын ресми айтыстар мен шараларға қатысу құқығынан айырылғанын жеткізді.

Бұған дейін Алматыда Instagram-ға жүктеген видеосында балағат сөздер айтқан ер адам қамауға алынғаны хабарланған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!