Каспийдегі әскери оқу-жаттығулар кезінде қаза тапқан сарбаздардың тізімі жарияланды
© Фото: zakon.kz
Маңғыстау облысында Каспий теңізінің жағалауындағы әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан 12 әскери қызметшінің жеке басы анықталды. Тағы екі әскери қызметкер хабар-ошарсыз кеткен, ал біреуі Маңғыстау облыстық ауруханасында ауыр жағдайда жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Марқұмдардың аты-жөнінің тізімін жергілікті Lada.kz басылымы жариялады.
Іздестіру жұмыстары барысында теңізден келесі тұлғалардың денелері табылды:
- Мадихан Азамат Болатбекұлы, 10.06.2007, Маңғыстау облысының тумасы. Жаңаөзен қаласында тұрған;
- Төлеген Ақылбек Қабенұлы, 11.02.2007, Маңғыстау облысының тумасы. Жармыш ауылында тұрған;
- Бердіханов Мейрамбек Ермұханұлы, 21.03.2006, Маңғыстау облысының тумасы. Жаңаөзен қаласында тұрған;
- Аяпберген Сержан Талғатұлы, 18.02.2006, Маңғыстау облысының тумасы. Ақтау қаласында тұрған;
- Мұхтарұлы Олжас, 09.01.2003, Түркістан облысының тумасы. Алматы қаласында тұрған;
- Темірғалиев Жеңіс Тілеушеұлы, 08.05.2005, Батыс Қазақстан облысының тумасы. Бөрлі ауданы, Ақсай қаласында тұрған;
- Көбенов Алмас Жүсіпұлы, 23.01.2006, Өзбекстан Республикасының Қарақалпақстан аймағында туған. Мұнайлы ауданы, Баянды-3 ауылында тұрған;
- Өмірзақ Өмірбек Өмірболатұлы, 23.04.2007, Батыс Қазақстан облысының тумасы. Бәйтерек ауданында тұрған;
- Жаңабай Асет Саматұлы, 19.09.2006, Маңғыстау облысының тумасы. Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылында тұрған;
- Бегей Дастан Нұрболұлы, 03.09.2007, Маңғыстау облысының тумасы. Жаңаөзен қаласында тұрған;
- Диханбаев Олжас Тәжібайұлы, 14.01.2005, Маңғыстау облысының тумасы. Жаңаөзен қаласында тұрған;
- Гилаж Ақжайық Болатбетұлы, 15.09.2006, Батыс Қазақстан облысының тумасы. Орал қаласында тұрған.
Хабар-ошарсыз кеткендер қатарында:
13. Ғұмаров Мансұр Айтбайұлы, 02.06.2007, Батыс Қазақстан облысының тумасы. Ақжайық ауданында тұрған;
14. Тұрдыбекұлы Мирас, 17.08.2007, Маңғыстау облысының тумасы. Қарақия ауданы, Мұнайшы ауылында тұрған.
Маңғыстау облыстық ауруханасында ауыр жағдайда жатыр:
Темерхан Ақжол Тимурұлы, 11.08.2007, Маңғыстау облысының тумасы. Жаңаөзен қаласында тұрған.
Айта кетсек, 2026 жылдың 24 қыркүйегінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезіндегі қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстарына көңіл айтты.
Мемлекет басшысы Үкіметтік комиссияға оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті шаралар қабылдауды және қайтыс болған жандардың отбасына көмек көрсетуді тапсырды.
Бұған дейін Маңғыстау облысында Қарулы күштердің Әскери-теңіз күштері өткізген оқу-жаттығу кезінде, Каспий теңізінің жағалауында оқу-жауынгерлік тапсырманы орындау барысында ауа райы күрт нашарлап, жел күшейгендіктен 19 әскери қызметшіні теңізге ағызып әкеткені хабарланған.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, тоғыз әскери қызметші қаза тапқан, үшеуі құтқарылған, олардың бірі ауруханаға жатқызылған. Қалғандарын іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқиға орнына қорғаныс министрі Дәурен Қосанов бастаған министрлік комиссиясы шұғыл аттанды.
Бас прокуратура Ақтау гарнизонындағы оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты қылмыстық іс қозғалғанын, тергеу шаралары қолға алынғанын мәлімдеді. Сондай-ақ жедел-тергеу тобы құрылды.
Кейін Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қаза табу себептерін анықтау үшін Үкіметтік комиссия құрылғаны белгілі болды. Комиссияға премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басшылық етеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:36, 24 қыркүйек 2026
Бозымбаев қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына қандай көмек көрсетілетінін айтты
-
21:07, 24 қыркүйек 2026
Ақтауда «Қазақтелеком» қызметкері тоқ соғып, мерт болды
-
20:48, 24 қыркүйек 2026
«Жаңбыр жауып, үсік жүреді». Жұмада еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
20:13, 24 қыркүйек 2026
Мәдениет және ақпарат министрлігі жалпыұлттық аза тұту күніне орай БАҚ-тар мен меморгандарға ескерту жасады
-
19:58, 24 қыркүйек 2026
Дәрігерлер Маңғыстауда оқу-жаттығу кезінде аман қалған әскери қызметшінің жағдайына қатысты мәлімет ұсынды





