Президент: Қазақстан Халық Кеңесі – Құрылтайға балама мекеме емес
© Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халық Кеңесі мен Құрылтайдың өзара жұмыс істеу тәртібіне тоқталып, екі институт бір-бірінің қызметіне араласпай, керісінше, бірін-бірі толықтыруы қажет екенін айтт, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Ақорданың telegram-каналында жарияланды.
Президенттің сөзінше, Халық Кеңесі Құрылтайға балама институт емес.
"Халық Кеңесі – Құрылтайға балама мекеме емес. Кеңес мүшелері Құрылтайдың құзыретіне кіретін жұмыспен айналыспайды. Депутаттардың қызметіне араласпайды. Заң бойынша осындай әрекеттерге құқы жоқ. Тиісінше, Құрылтай депутаттарының да Халық Кеңесінің жұмысына араласуға хақы жоқ", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы екі институттың алдында тұрған негізгі мақсат ортақ екенін атап өтті.
"Екі институт та бір-бірін толықтырып, бірлесе қызмет етуі керек. Сондықтан Халық Кеңесі мен Құрылтайдың комитеттері тығыз байланыста болып, үйлесімді түрде жұмыс істеуі қажет", – деді Президент.
Тоқаев заң жобаларын әзірлеу кезінде қоғамның пікірін, талап-тілегін толық ескеру маңызды екенін айтты.
"Заң жобаларын әзірлеу барысында жұртшылықтың ой-пікірін, талап-тілегін толыққанды ескеру қажет. Құрылтай мен Халық Кеңесі әрқашанда бірге болса, осындай мүмкіндік міндетті түрде пайда болады", – деді ол.
Президенттің айтуынша, Халық Кеңесінің құрамына этномәдени бірлестіктердің, өңірлік мәслихаттар мен қоғамдық кеңестердің, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың өкілдері кірген.
"Осылайша мемлекет пен қоғам арасындағы байланыстың жаңа, ауқымды әрі біртұтас жүйесі қалыптасып отыр", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұған дейін Қазақстан Президенті Жаңа Конституцияның қабылдануы – әлем тарихында өте сирек кездесетін жағдай екенін айтқан болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:56, 24 қыркүйек 2026
Тоқаев: Заңға бағыну мен еңбекқорлық озық ойлы ұлтқа тән құндылықтар
-
12:55, 24 қыркүйек 2026
Тоқаев: Қазақстан Халық Кеңесі – баламасы жоқ, мүлде жаңа, инновациялық институт
-
12:55, 24 қыркүйек 2026
Елді мекендерді дамытуға тек мемлекет жауапты болмауы керек – Тоқаев
-
12:52, 24 қыркүйек 2026
Қоғамымыз сіздерге зор үміт артып отыр – Президент Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелеріне үндеу жасады
-
12:47, 24 қыркүйек 2026
Айналасына кінә тағып, үнемі жұбаныш іздеп жүретін адамның да, ұлттың да келешегі бұлыңғыр болады – Тоқаев





