Азияда-2026: Қазақстан қоржыны тағы бір күміс медальмен толықты

19:42, 24 қыркүйек 2026
MKZ: 1568751

© Сурет: olympic.kz/Владислав Семенов

Қазақстандық семсерлесуші Кирилл Проходов Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз ақтық бәсекеде Коки Каномен (Жапония) айқасқа шықты. Тартысты бәсекеде жапониялық спортшы 15:13 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, Коки Кано - шпагадан Токио-2020 және Париж-2024 Олимпиада ойындарының чемпионы.

Осылайша6 Кирилл Проходов Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті күміс медальді салды.

Бұған дейін Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында академиялық ескек есуден Қазақстан өкілдері 6 минут 25,13 секунд нәтиже көрсетіп, бірінші орынға ие болғаны хабарланған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!