Мәдениет және ақпарат министрлігі жалпыұлттық аза тұту күніне орай БАҚ-тар мен меморгандарға ескерту жасады

20:13, 24 қыркүйек 2026
MKZ: 1568758

© Сурет: zakon.kz

Мәдениет және ақпарат министрлігі Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қазаға ұшырауына байланысты президент өкімімен елімізде жарияланған жалпыұлттық аза тұту күніне орай БАҚ-тар мен мемлекеттік органдарды заңда көзделген талаптарды орындауға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 24 қыркүйектегі № 334 өкімімен Қазақстан Республикасында Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде әскери қызметшілердің қазаға ұшырауына байланысты 2026 жылғы 25 қыркүйек жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Осыған орай, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Жалпыұлттық аза тұту күні бұқаралық ақпарат құралдарының, телерадио хабарларын тарату операторларының қызметін реттеу, ақпараттық интернет-ресурстарды, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ресми сайттарын ресімдеу бойынша ұсынымдар әзірлегенін хабарлады.

"Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі бұқаралық ақпарат құралдарының басшыларын, телерадио хабарларын тарату операторларын, мемлекеттік органдар мен ұйымдарды ұсынылып отырған ұсынымдарды ұстануға, сондай-ақ жалпыұлттық аза тұту күніне арналған Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектеулерді сақтауға шақырады", делінген хабарламада.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!