ҰҚК OrdaMed компаниясының басшысын іздеуге жариялады

15:30, 29 қаңтар 2026

© Сурет: Instagram/yerkin.dlimbetov

Қазақстан Республикасы ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "OrdaMed" АҚ басқарма төрағасы Еркін Длімбетовті іздеуге жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылғы 29 қаңтарда ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі порталы арқылы белгілі болды.

Мәліметке сәйкес, іздестіру ісі 28 қаңтар күні "Астана" өңірінде тіркелген.

Порталда жарияланған ақпаратта:

"Іздеуде жүргеніне – 1 күн. Бастамашы: ҚР ҰҚК. Іздестіруді жүзеге асыратын орган: ҚР ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі" деп көрсетілген.

ҰҚК OrdaMed компаниясы басшысын іздеуге жариялады, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2026 15:30

Сурет: qamqor.gov.kz

Еске сала кетейік, 2026 жылғы 26 қаңтарда ҰҚК-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі халықаралық деңгейде жұмыс істейтін OrdaMed компаниясының қатысуымен 4,5 млрд теңгеге байланысты фармацевтика саласындағы заңсыз әрекеттер схемасын әшкерелеген болатын. Кейін Денсаулық сақтау министрлігі OrdaMed компаниясында жүргізілген тексерістерге қатысты қосымша мәлімет ұсынды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!