Актер Анатолий Креженчуков өмірден өтті
© Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, актер Анатолий Креженчуковтың дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, актер Анатолий Креженчуковтың дүниеден өтуіне байланысты оның туған-туыстарына, жақындарына, әріптестеріне және бүкіл театр қауымдастығына қайғыра көңіл айтады.
Оның шығармашылық жолы 1973 жылы басталды. Құрманғазы атындағы Өнер институтының актерлік факультетін тәмамдағаннан кейін ол Лермонтов атындағы театрға қабылданып, қырық жылдан астам уақыт бойы театр сахнасында өнер көрсетті.
Осы жылдар ішінде ол жүзден астам рөлді сомдады. Сондай-ақ көпшілік көрерменге "Перекресток" телехикаясындағы рөлі арқылы да кеңінен танылды.
"Ол орыс театр өнерінің дамуына және классикалық мектеп дәстүрлерінің сақталуына зор үлес қосты. Оның принципшілдігі мен талапшылдығы әріптестері үшін, әсіресе жас актерлер үшін үлгі болды. Анатолий Николаевичтің жарқын бейнесі туған-туыстарының, әріптестерінің және көрермендердің жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның отбасына және осы қайғыны бірге бөлісіп отырған барша жандарға шынайы көңіл айтамыз, - делінген хабарламада.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:01, 28 қаңтар 2026
16-18 ақпанда Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пункттері жұмыс істемейді
-
21:40, 28 қаңтар 2026
29 қаңтарда қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
21:24, 28 қаңтар 2026
Air Astana Алматыдан ұшатын бірнеше рейс кешігіп жатқанын ескертті
-
21:13, 28 қаңтар 2026
Қазақстанға бөтен фамилиямен кірген шетелдік азамат ұсталды
-
20:27, 28 қаңтар 2026
Павлодарда есірткіні супермаркет ұяшықтарына жасырып келген күдікті ұсталды





