Димаш Құдайбергеннің Voice Beyond Horizon продюсерлік жобасының тұсаукесері өтеді
© Сурет: dimashnews.com
Биылғы 5 ақпанда Қытайдың танымал Hunan TV телеарнасында халықаралық музыкалық Voice Beyond Horizon жобасының ресми премьерасы өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бағдарламаның түсірілімі толық Қазақстанның туристік локацияларында өтті және алты өңірді қамтыды.
Жоба Димаш Құдайбергеннің бастамасымен қолға алынып, Hunan Broadcasting System медиахолдингімен бірге жүзеге асырылды. Voice Beyond Horizon әртүрлі елдердің өнерпаздарын біріктірумен қатар Қазақстанның табиғи әралуандығын және туристік әлеуетін миллиондаған көрерменге таныстырады.
Түсірілімдер Түркістан, Маңғыстау, Алматы және Ақмола облыстарында, Астана мен Алматы қалаларында өтті. Жобаға Қазақстанның, Қытайдың, Қырғызстанның, Италияның, Малайзия мен Сербияның орындаушылары қатысады. Өткен жылдың қыркүйек айында олар Қазақстан өңірлерін аралап, 7 мың шақырымнан астам жол жүріп өтті.
Жоба бағыты көне Түркістанды, Бозжыраның ерекше көріністерін және Каспий теңізі жағалауын, табиғи інжу-маржанға айналған Қайыңды мен Көбейтұз көлдерін, туристік Саты ауылын, Қапшағай су қоймасын, Щучинск-Бурабай курорттық аймағын қамтыды.
"Kazakh Tourism Қазақстанның туристік әлеуетін халықаралық медиажобалар арқылы жүйелі түрде ілгерілетеді. Біз Euronews Travel, Amazon Prime Video, француздық M6 телеарнасы сияқты жетекші әлемдік платформалар мен телеарналармен ынтымақтастық орнатудамыз. Біз Димаш Құдайбергенге "Voice Beyond Horizon" жобасына бастамашылдық танытқаны үшін алғыс білдіреміз. Бұл телевизиялық бағдарлама біздің туристік орындарымызды миллиардтаған аудиторияға көрсетеді", – деді "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Талғат Ғазизов.
Жобаның ресми көрсетілімі Қытайда аудиториясы 1,9 миллиардтан асатын Hunan TV телеарнасы мен Mango TV цифрлық платформасында, елімізде "Qazaqstan" ұлттық арнасында өтеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:47, 28 қаңтар 2026
Ресей мен Украина арасындағы жаңа кездесу күні Абу-Дабиде белгіленді
-
19:43, 28 қаңтар 2026
Александра Скороходова тау шаңғысынан Италиядағы турнирде күміс медаль иеленді
-
19:30, 28 қаңтар 2026
Қарағандыдағы дәмханада болған газ жарылысынан екі адам мерт болды
-
19:12, 28 қаңтар 2026
Атырауда жоғалған тұрғынның денесі 19 күннен соң Жайықтан табылды
-
19:00, 28 қаңтар 2026
Ақтаудағы сауда орталығында жасөспірімдер қызды аяусыз соққыға жыққан





