Ресей мен Украина арасындағы жаңа кездесу күні Абу-Дабиде белгіленді

19:47, 28 қаңтар 2026

© Сурет: pixabay

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей мен Украина арасындағы Абу-Дабиде өтетін келесі келіссөздердің 1 ақпанда жалғасатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТАСС мәліметінше, бұл кездесу көрші мемлекеттермен бірге АҚШ делегациясының қатысуымен өтеді. 

"Иә, 1 ақпан деп жоспарланып отыр. Әзірше осы күнге бағыт ұстап отырмыз", – деді Песков. 

Еске салайық, қаңтардың 23-24-і күндері Абу-Дабиде Ресей, АҚШ және Украина делегациялары екі күн бойы келіссөз жүргізген. Тараптар буферлік аймақтар, бақылау механизмдері және ықтимал бейбіт келісімнің басқа да тармақтарын қарастырған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!