Павлодарда есірткіні супермаркет ұяшықтарына жасырып келген күдікті ұсталды
© Сурет: polisia.kz
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері ірі көлемде есірткі заттарын таратпақ болған 54 жастағы қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ер адам жеке пайда табу мақсатында тыйым салынған зат салынған орамаларды супермаркеттегі жеке заттарды сақтауға арналған ұяшыққа жасырғанын, оларды байланыссыз тәсілмен сатып алып, бір реттік дозаларға бөліп, Павлодар қаласының аумағында жасырын құпия орындар арқылы сатуды жоспарлағанын мойындады.
"Күдіктіні жеке тінту барысында каннабистік тектегі есірткі заты бар екі орама мен үш темекі өнімі анықталды. Сонымен қатар оның тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде қосымша есірткі заттары, электронды таразы, орау құралдары және zip-пакеттер тәркіленді. Тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы 300 грамнан асты. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті қамауға алынды", – дейді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсейітов.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:01, 28 қаңтар 2026
16-18 ақпанда Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пункттері жұмыс істемейді
-
21:40, 28 қаңтар 2026
29 қаңтарда қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
21:24, 28 қаңтар 2026
Air Astana Алматыдан ұшатын бірнеше рейс кешігіп жатқанын ескертті
-
21:13, 28 қаңтар 2026
Қазақстанға бөтен фамилиямен кірген шетелдік азамат ұсталды
-
20:44, 28 қаңтар 2026
Актер Анатолий Креженчуков өмірден өтті





