Алматыда 16 жастағы жасөспірім биіктен құлап, қаза тапты

20:01, 28 қаңтар 2026

© Сурет: polisia.kz

Алматыда кәмелетке толмаған жасөспірімнің қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы хабар әлеуметтік желіде тарады.

27 қаңтар күні Бостандық ауданы аумағында, Розыбакиев пен Сәтбаев көшелері маңындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде 16 жастағы жасөспірім биіктіктен құлап, оқиға орнында көз жұмған.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, жасөспірім оқиға алдында жазба қалдырған болуы мүмкін.

Бұл фактіні Алматы полиция департаментінің ресми өкілі растады.

"Алматының Бостандық ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Мән-жайы мен себеп-салдары анықталып жатыр", – деді Салтанат Әзірбек.

Еске салайық, бұған дейін Астанада бір күнде екі тұрғын суицид жасағанын хабарлаған едік.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!