Александра Скороходова тау шаңғысынан Италиядағы турнирде күміс медаль иеленді
© Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасының спортшысы Александра Скороходова тау шаңғысынан Италияның Поцце-ди-Фассе қаласында өтіп жатқан Ашық чемпионатта екінші орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық спортшы слалом жарысында күміс медальға ие болды.
Бірінші орынды италиялық Франческа Фанти иеленді. Үшінші орынға Валентина Филл (Италия) жайғасты.
Айта кетейік, бұған дейін отандасымыз FIS турнирінде алтын медальға ие болған еді.
Александра Скороходова Қазақстан атынан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында өнер көрсетеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:13, 28 қаңтар 2026
Қазақстанға бөтен фамилиямен кірген шетелдік азамат ұсталды
-
20:44, 28 қаңтар 2026
Актер Анатолий Креженчуков өмірден өтті
-
20:27, 28 қаңтар 2026
Павлодарда есірткіні супермаркет ұяшықтарына жасырып келген күдікті ұсталды
-
20:01, 28 қаңтар 2026
Алматыда 16 жастағы жасөспірім биіктен құлап, қаза тапты
-
19:47, 28 қаңтар 2026
Ресей мен Украина арасындағы жаңа кездесу күні Абу-Дабиде белгіленді





