Жеке кәсіпкер бухгалтерлік есеп жүргізуге және есепші жалдауға міндетті ме
© Фото: freepik
Жеке кәсіпкер бухгалтерлік есеп жүргізуге және бухгалтер жалдауға міндетті ме деген сұраққа ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті түсініктеме берді.
"Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" заңға сәйкес, жеке кәсіпкерлер мынадай талаптарға бір мезгілде сай келген жағдайда бухгалтерлік есеп жүргізбеуге (бастапқы құжаттарды рәсімдеу мен сақтауды қоспағанда) және қаржылық есептілік жасамауға құқылы:
- оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданса және күнтізбелік жыл ішіндегі табысы 135 000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен (2026 жылы – 583 875 000 теңге) аспаса;
- қосылған құн салығы бойынша тіркеуде тұрмаса;
- табиғи монополиялар субъектісі болып табылмаса.
Егер аталған талаптардың кез келгеніне сәйкессіздік туындаса, жеке кәсіпкер ондай жағдай пайда болған айдан кейінгі айдан бастап бухгалтерлік есеп жүргізуге және қаржылық есептілік жасауға міндетті болады.
Сонымен қатар, көрсетілген талаптарға сай келетін, бірақ өз еркімен бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүргізу туралы шешім қабылдаған жеке кәсіпкер есепті шешім қабылданған айдан кейінгі айдан бастап жүргізе алады.
Осылайша, заң талаптарына сәйкес келетін жеке кәсіпкер бастапқы құжаттамадан өзге бухгалтерлік есепті жүргізбеуге құқылы.
Ал бухгалтерді жұмысқа алу – кәсіпкердің өз қалауына байланысты шешім.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:19, 29 қаңтар 2026
Синоптиктер еліміз бойынша 30 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады
-
17:57, 29 қаңтар 2026
Кәмелетке толған балаларға еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауды міндеттеу ұсынылды
-
17:34, 29 қаңтар 2026
Өлім жазасына тыйым салуды Конституция деңгейінде бекіту ұсынылды
-
17:29, 29 қаңтар 2026
Қарағанды облысының әкімі жаңа қоғамдық қызметке тағайындалды
-
17:23, 29 қаңтар 2026
Алматыда студенттер есірткі қылмысының жолын кесуге ат салысып, арнайы марапатқа ие болды





