16-18 ақпанда Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пункттері жұмыс істемейді

22:01, 28 қаңтар 2026

© Сурет: видео скрині

ҚХР-да Көктемді мерекелеуге байланысты 16-18 ақпанда қазақстан-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктері жұмыс істемейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше ҚХР-да Көктемді мерекелеуге байланысты 2026 жылғы 16-18 ақпанда қазақстан-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды.

Қазақстан-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

"Тасымалдаушылардан және барлық шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", — делінген хабарламада.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!