Теміржолмен тасымалданатын қандай жүктерді әскерилендірілген күзет алып жүруге тиіс
© Фото: rail-news.kz
ҚР Көлік министрі 2026 жылғы 3 қарашадағы бұйрығымен теміржол көлігімен тасымалдау кезінде әскерилендірілген күзет алып жүруге тиіс жүктердің тізбесін бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тізбеге жүктің 78 түрі енген. Олардың қатарында мыналар бар:
- Ет және тағамға жарамды ет субөнімдері.
- Сүт өнімдері, құс жұмыртқасы, табиғи бал және жануар текті азық-түлік өнімдері.
- Көкөністер және тағамға жарамды кейбір тамыржемістер мен түйнекжемістер.
- Жеуге жарамды жемістер мен жаңғақтар, цитрус жемістері мен қауынның қабығы.
- Кофе, шай, мате (Парагвай шайы) және дәмдеуіштер.
- Дәнді дақылдар.
- Ұн тарту және жарма өнеркәсібінің өнімдері, уыт, крахмал, инулин және бидай желімшесі.
- Майлы дақылдардың тұқымдары мен жемістері, дәрілік және техникалық өсімдіктер, сабан және мал азығы.
- Мақта мамығы (линт).
- Жануар және өсімдік текті тоңмайлар мен майлар, дайын тағамдық майлар және балауыздар.
- Еттен, балықтан, шаянтәрізділерден немесе ұлулардан дайындалған өнімдер.
- Қант және қанттан жасалған кондитерлік өнімдер.
- Какао және одан жасалған өнімдер.
- Дәнді дақылдардан, ұннан, крахмалдан немесе сүттен дайындалған өнімдер, ұннан жасалған кондитерлік өнімдер.
- Көкөністерді, жемістер мен жаңғақтарды өңдеуден алынған өнімдер.
- Алкогольді және алкогольсіз сусындар, сірке суы.
- Тамақ өнеркәсібінің қалдықтары, жануарларға арналған дайын жем.
- Темекі және оны алмастыратын өнеркәсіптік өнімдер.
- Тұз, күкірт, топырақ пен тас, сылақ материалдары, әк және цемент.
- Кендер мен концентраттар.
- Минералдық отын, мұнай және оларды айдау өнімдері, битумды заттар мен минералдық балауыздар.
- Бейорганикалық химия өнімдері, бағалы металдардың, сирек жер металдарының және радиоактивті элементтердің қосылыстары.
- Органикалық химиялық қосылыстар.
- Фармацевтикалық өнімдер.
- Тыңайтқыштар.
- Эфир майлары мен резиноидтар, парфюмерлік, косметикалық немесе иіссу-гигиеналық құралдар.
- Сабын, жуғыш заттар, майлау материалдары, балауыздар, шырақтар және мүсіндеуге арналған пасталар.
- Сіріңке (пиротехникалық бұйымдарды қоспағанда).
- Пластмасса және одан жасалған бұйымдар.
- Каучук, резеңке және олардан жасалған бұйымдар.
- Өңделмеген тері және иленген былғары.
- Былғары бұйымдар, ер-тұрман әбзелдері және әйелдер сөмкелері.
- Табиғи және жасанды үлбір, олардан жасалған бұйымдар.
- Сүрек және одан жасалған бұйымдар, ағаш көмірі.
- Қағаз бен қатырма қағаз, қағаз массасынан жасалған бұйымдар.
- Жібек жіптен немесе жібек қалдықтарынан тоқылған маталар.
- Жүн, жануарлардың түгі, жылқы қылынан жасалған иірімжіп пен мата.
- Мақта.
- Өсімдік текті тоқыма талшықтары, қағаз иірімжіп пен қағаз жіптен тоқылған маталар.
- Химиялық жіптер.
- Химиялық талшықтар.
- Кілемдер және еденге төселетін тоқыма жабындар.
- Арнайы маталар, шілтерлер, гобелендер және кестелер.
- Жабындысы бар тоқыма материалдары, техникалық мақсаттағы тоқыма бұйымдары.
- Трикотаж бұйымдары.
- Трикотаж киімдер және трикотаждан жасалған киім керек-жарақтары.
- Трикотаждан өзге материалдардан тігілген киімдер мен киім керек-жарақтары.
- Дайын тоқыма бұйымдары, бұрын пайдаланылған киімдер мен тоқыма бұйымдары.
- Аяқкиім, гетралар және олардың бөлшектері.
- Баскиімдер, олардың бөлшектері және басқа да тауарлар.
Бұйрық 2026 жылғы 27 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:35, 18 қараша 2026
ІІМ Қазақстан азаматтарына маңызды үндеу жасады
-
09:26, 18 қараша 2026
Төрт облыста қар мен жылбысқы қар жауады – «ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге ескерту жасады
-
09:16, 18 қараша 2026
Алматы облысында мемлекетке қайтарылған жерлерде құны 60,2 млрд теңге болатын бес жоба іске асырылмақ
-
09:02, 18 қараша 2026
«Қазгидромет» Астана мен тағы тоғыз қаланың тұрғындарына ескерту жасады
-
22:27, 17 қараша 2026
Атырауда 90 жасқа таяған қария туған ұлының зорлығын сотта айтып берді





