Қазақстанда ғарышкерлерді іріктеу қағидаларына қандай өзгерістер енгізілді

11:52, 17 қараша 2026
MKZ: 1578139

© Фото: АО "ЦЭНКИ"

Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 10 қарашадағы бұйрығымен Ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеу және ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер мәртебесін беру қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, комиссия іріктеу басталғанға дейін бір ай бұрын ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеудің басталғаны туралы хабарландыру жариялайтыны нақтыланды. Хабарландыру Қазақстанның бүкіл аумағына таралатын ресми республикалық мерзімді баспасөз басылымдарында және уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

Ұсынылған құжаттарды қарағаннан кейін комиссия ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеуге жіберілген адамдардың тізімі бекітілген күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде қатысушылармен әңгімелесу өткізеді.

Қазақстан Республикасының ғарышкері мәртебесін алу үшін қазақстандықтар уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:

  • Қазақстан Республикасының ғарышкері мәртебесін беру туралы еркін нысанда жазылған өтініш;
  • ғарышкерлерді даярлау орталықтары берген, ғарышкер біліктілігінің берілгенін растайтын құжаттың көшірмесі. Құжат өтініш берілген күнге дейінгі соңғы үш жыл ішінде берілген болуы керек. Салыстырып тексеру үшін оның түпнұсқасы да бірге ұсынылады.

Бұдан бөлек, жақын туыстары туралы мәліметтер беріледі.

Бұйрық 2026 жылғы 27 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!