Өрт сөндіру көлігі жеңіл көлікті ондаған метр сүйреп өтті: Алматыда жол апатынан жүргізуші қаза тапты
© Сурет: Zakon.kz
2026 жылғы 17 қарашаға қараған түні Алматыда адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы болды. Әуезов пен Тимирязев көшелерінің қиылысында Toyota Camry жеңіл көлігі мен жедел қызметтің арнайы көлігі соқтығысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өрт сөндіру көлігі Тимирязев көшесімен шығыс бағытта келе жатқан. Ал Toyota Camry Атакент жағынан Әуезов көшесімен төмен қарай түсіп келе жатқан.
Соққыдан кейін Toyota Camry арнайы көліктің астында қалып қойған. Өрт сөндіру көлігі жеңіл автокөлікті астына басып, бірнеше ондаған метрге дейін сүйреп өткен. Кейін екі көлік те жолдан шығып кетіп, алдымен бағдаршам бағанына соғылған, одан соң арыққа түскен.
Куәгерлердің айтуынша, өрт сөндіру көлігі жол жарығын түсіретін бағанаға соғылғаннан кейін ғана тоқтаған. Ал Toyota Camry арықтан асып, гүлзардың үстіне ұшып түскен.
Апат кезінде жеңіл көлікте тек жүргізуші болған. Ол көлік салонында қысылып қалған. Құтқарушылар оны көліктен шығарғанымен, ер адам оқиға орнында көз жұмды.
Сондай-ақ жол апатынан екі өрт сөндіруші зардап шеккені хабарланды. Олар ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның қалған қатысушыларына медициналық көмек сол жерде көрсетілді.
Айта кетейік, бұған дейін Ақтауда да жедел қызмет көлігі жол апатына ұшыраған болатын. Шұғыл шақыртуға бара жатқан жедел жәрдем көлігіне басқа жүргізуші жол бермей, соның салдарынан жол-көлік оқиғасы болған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:44, 17 қараша 2026
«Ордабасы» футболшысы ҚПЛ-дің ең қымбат ойыншысы атанды
-
12:33, 17 қараша 2026
100 жастағы ардагер ұзақ өмір сүру құпиясын айтып, танымал музыкантпен туыстығы барын жеткізді
-
12:26, 17 қараша 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлерге арналған жаңа марапаттарды бекітті
-
12:16, 17 қараша 2026
Мемлекеттік органның атын жамылған алаяқтар: қазақстандықтарға ескерту жасалды
-
12:08, 17 қараша 2026
Қазақстанда автонесиеге сұраныс азайды ма: вице-министр жауап берді










